📅 6-8 желтоқсан аралығында Есіл ауданы, Явленко ауылында "Солтүстік-2025" қысқы спартакиадасы аясында футзалдан аймақтық іріктеу жарыстары өтті.
⚽ Біздің ауданның құрама командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Ғабит Мүсірепов және Мамлют аудандарының командаларын жеңді. Алаң иелерімен болған тартысты ойында тең нәтиже тіркелді.
🌟 Осылайша, аудан құрамасы "Солтүстік-2025" қысқы спартакиадасының ақпан айында Ақжар ауданы, Талшық ауылында өтетін финалдық кезеңіне жолдама алды!
👏 Командаға алдағы финалда жеңіс тілейміз! Біз сіздермен біргеміз! 💪
#Солтүстік2025 #Футзал #ЖеңісЖолы





